Жасөспірімдер Олимпиадасына жеңіл атлеттерден кімдер қатысады
ҚР Жеңіл атлетика федерациясының хабарлауынша, Жасөспірімдер Олимпиадасы биыл үшінші рет ұйымдастырылғалы отыр. Жарыс 6-18 қазан аралығына жоспарланған.
Олимпиада бағдарламасында жеңіл атлетика сайыстары да бар. «Спорт падишасының» жас өкілдері 11-17 қазан аралығында сынға түседі. Онда жалпы саны 36 медаль жиынтығы сарапқа салынады (18-і - ұлдар, 18-і - қыздар арасында). Жасөспірімдер Олимпиадасына 2001-2002 жылы туған спортшылар қатыса алады.
Халықаралық Олимпиада комитетінің мәліметінше, жалпы 680 жеңіл атлет іріктеуден өткен (340 ұл, 340 қыз). Іріктеу кезеңдері екі сатыдан өткізілді. Бірінші кезеңдегі жолдаманы Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы анықтады. Яғни әрбір сайыс бойынша аймақтық квотолар берілді.
Негізінен 2013, 2015, 2017 жылдары өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының нәтижелері ескерілді. Сосын әрбір құрлықта іріктеу кезеңдері өткізілді. Азия аймағында мұндай іріктеуді Бангкок қаласы қабылдады.
4-5 шілде аралығында Таиландтағы іріктеуде 3 қазақстандық жолдама жеңіп алды. Олар: Ефим Тарасов (400 метрге жүгіру), Александра Залюбовская (400 метрге жүгіру), Анастасия Глухарева (үш қарғып секіру). Одан бөлек, Галина Панасенко (2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Кристина Морозова (5 шақырымға спорттық жүріс) бар.