Жасөспірімнің оқу мекемесінің аумағына мас күйінде келгені үшін сот оның анасына айыппұл салды - Павлодар облысы
09:44, 09 Сәуір 2012
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 9 сәуір. ҚазАқпарат -Ертіс аудандық соты мас күйінде оқу мекемесінің аумағына келген №21 кәсіби лицей оқушысына қатысты әкімшілік іс қозғады, деп хабарлады оның баспасөз қызметі.
Ол сот мәжілісінде өз кінәсін мойындап, алдағы уақытта мұндай олқылыққа жол бермейтіндігіне уәде берді.
Сот қаулысымен жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке қатысты кінәлі деп танылды, оның анасына 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.