АСТАНА. KAZINFORM – Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар D тобында Өзбекстан, Иран және Аустралия командаларымен сынға түседі.
Іріктеу матчтары 2-6 сәуір аралығында өтеді. Ертең Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен ойнайды.
Аталмыш командалық жарыста Қазақстан намысын Ясмин Дүйсембаева, Тамина Сәкен және Мәриям Нұржан қорғайды. Команда капитаны – Марат Шәріпов.
Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша әлем чемпионатына тек төрт үздік команда жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Бухаресте негізгі турнирге өткенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).