Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан құрамасындағы екі дзюдошы алтын медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасындағы дзюдошылар Еркен Бекәлі мен Фатима Сұпығалиева  Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Фото: Қазақстан ҰОК

Дзюдошы Еркен Бекәлі 66 келіге дейінгі салмақтың финалында қарсыласынан басым түсті. Бекәлі шешуші белдесуде Ауғанстан спортшысы Башир Кадириден айласын асырды.

Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК

Ал Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Фатима ақтық сында Милена Боруболотовамен (Қырғызстан) өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде қазақстандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.

Фото: ҚР ҰОК

Бұған дейін Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы Азия ойындарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Әділжан Нұрбекен дзюдодан жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды.

Абдулла Батырбек Азия ойындарында джиу-джитсудан қарсылас шақ келтірмеді.