Әділжан Нұрбекен дзюдодан жасөспірімдер Азиадасында чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық дзюдошы Әділжан Нұрбекен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Әділжан Нұрбекен
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақта топ жарды. ҚР ҰОК мәліметінше, Әділжан Нұрбекен ақтық сында Юсуф Замоновпен (Тәжікстан) белдесті. Нәтижесінде қазақстандық балуан иппон әдісімен қарсыласынын басым түсті.

Осылайша ол Азия ойындарын алтын медальмен аяқтады.

Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы Азия ойындарының финалына шықққанын жазған болатынбыз.

Абдулла Батырбек джиу-джитсудан жасөспірімдер Азиадасында топ жарды.

Соңғы жаңалықтар