Жасөспірімдер Олимпиадасы: Қазақстандық биатлоншылар этафетадан алғашқы ондыққа кірді
АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының екінші күні биатлоннан ерлер мен қыздар арасында аралас эстафетадан сайыстар өтті.
Фото: Шамкен Байырбек
Аталған додада ел намысын Ілияс Хасенов пен Алема Қарабаева қорғады. Нәтижесінде екі спортшымыз мәре сызығын оныншы болып кесіп өтті.
Аралас эстафетада Франция құрамасы топ жарса, Германия екінші, Норвегия үшінші нәтиже көрсетті.
Фото: Шамкен Байырбек
Айта кетейік, Олимпиаданың алғашқы күні биатлоннан қыздар арасында 10 шақырымдық жекелей сайыстар өткен болатын. Жарыс жолына шыққан 99 спортшының арасында 3 жерлесіміз сынға түсіп, Алема Карабаева 37 орын, Эвелина Мезенцева 57 орын, Мария Воробьева 82 орынға тұрақтаған болатын.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.