Жасотандықтар Президенттің білім беру сапасы туралы бастамасын қолдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Jas Otan» Алматы жастар қанатының қалалық филиалының жетекшісі Мәди Ахметов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларды қолдау мақсатында ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін ел Президентінің жолдауы жарияланды. Негізгі назар қолжетімді және сапалы білім беруге, сондай-ақ өскелең ұрпақты мәдени, спорттық пайдалы оқытуға аударылды. Біз Алматының жастар мегаполисі екенін білеміз. Бізде спорт секциялары мен арнайы үйірмелер өте көп. Менің ойымша, осы жобалар аясында «Nur Otan « партиясының жастар қанаты ретінде, бұл жұмысты жастардың барлық топтарын әлеуметтендіру үшін күшейтетін боламыз», - деп түсіндірді Мәди Ахметов.

Сонымен қатар, ол Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында жас ғалымдарға ерекше назар аударғанын айтты.

«Президенттің жас ғалымдарға арнайы тапсырма беріп, жыл сайын 500-ден астам ғалым әлемнің ең үздік ғылыми орталықтарынан тегін тәжірибе алмасуға баратынын айтты. Сонымен қатар, жыл сайын мың ғалымға арнап арнайы зерттеу гранттарын бөлу туралы шешімі мемлекеттің жас ғалымдарды қолдауға көрсетіп отырған үлкен демеуі деп айтар едім. Осы бағыт бойынша тапсырмаларды орындауға «Jas Otan» жастар қанаты ретінде өз үлесімізді қосуға әрдайым дайын», - дейді Мәди Ахметов.


Фото: zanmedia.kz