«Акцияда белсенді жастар ұзындығы 15 метр, ені 7 метр болатын мемлекеттік ту мен ұзындығы 10 метр, ені 6 метр болатын Рухани жаңғыру туын алып, Тәуелсіздік көшесі бойының «Мәңгілік алау» жанынан Ақбота саябағына дейін шерулеп жүріп өтті», деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Шеруге өңірлік жастар ұйымдарының жетекшілері, жастар бірлестіктері мен одақтарының жетекшілері, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК шекара қызметі «Жағалау күзеті» қызметінің әскерилері қатысты.
Шара Маңғыстау жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен аяқталды.