Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионатында грек-рим күресінен Сұлтан Әсетұлы (67 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Ол жартылай финалда Әзірбайжан көшбасшысы Хасан Маммадиді 9:0 есебімен айқын басымдықпен тізе бүктірді.
Финалдағы қарсыласы - түркиялық Мұстафа Йылдырым.
Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында әйелдер күресінен Алтын Шағаева (53 келі) мен Ирина Кузнецова (62 келі) қола жүлдегер атанды.
Алтын қола медаль үшін белдесуде румыниялық Беатрис Йеноладан басым түсті. Ал Ирина қола жүлдеге таласта үндістандық спортшыны жеңді.
Айта кетсек, Асылжан Есенгелді аталған дүбірлі додада еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.