Жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтардың қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында 10-24 мамыр аралығында өтетін 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
Құрлықтық дода 11 мамырда техникалық жиналыс пен турнирдің жеребе тарту рәсімімен басталады. Алғашқы жарыс күні 12 мамырда болса, іріктеу кезеңі 18 мамырға дейін жалғасады.
Ал 20 және 21 мамыр күндері жартылай финал өтсе, 22 және 23 мамырда финалдық жекпе-жек өткізіледі. Құрлықтық дода ресми түрде 24 мамырда жабылады.
Жастар турнирі
48 келі. Нұрхан Құмарбеков - Анаралы Анарбеков (Қырғызстан) / Варнакуласурия Велике (Шри-Ланка)
51 келі. Досымжан Таңатар - Татсара Илангасингхаге (Шри-Ланка)
54 келі. Алдияр Бахадур - Хеттиарачи Видуша (Шри-Ланка)
57 келі. Нығман Нығмет - Ангус Фрисвелл (Австралия)
60 келі. Әділет Тортубек - Зоир Ходжабеков (Тәжікстан)
63,5 келі. Мұхит Нұрқабылұлы - Бой Халлари (Малайзия)
67 келі. Сұлтан Тұрдалы - Бохаймед Абдулазиз (Кувейт)
71 келі. Бекарыс Нұрмұқан - Арваз Ахмади (Қырғызстан)
75 келі. Жасұлан Бердалы - Перера Кумараге (Шри-Ланка)
80 келі. Игорь Соловьев - Абхишек Сингх (IBA)
86 келі. Нұрсұлтан Қыстаубай - Рустам Мамадпаноев (Тәжікстан)
92 келі. Расул Асанханов - Башдер Карар Хайдер (Ирак) / Хотак Оман (Ауғанстан)
92 келі. Бексұлтан Қайратулы - Орхан Агаев (БАӘ).
22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы турнир
48 келі. Тілеуберді Сүлеймен - Муинходжа Муминов (Тәжікстан) / Прасад Упрети Лал (Непал)
51 келі. Диас Берікбай - Новелл Лонг (Камбоджа)
54 келі. Кенже Мұратұлы - Зафарбек Камилов (Қырғызстан)
57 келі. Жасурбек Анарбаев - Тенуван Банда Мигалла (Шри-Ланка)
60 келі. Нұрислам Қалдыбаев - Шерпа Чхиринг Вангди (Непал)
63,5 келі. Сералы Жолмағанбет - Муса Альхавсав (Сауд Арабиясы) / Парис Махипала Мудалиге (Шри-Ланка)
67 келі. Бақтияр Анарбаев - Мохд Фарид Мухаммад Ариф (Малайзия)
71 келі. Ағажан Қадыр - Бандара Канде Гедара (Шри-Ланка)
75 келі. Аман Қонысбеков - Пхам Данг Луу (Вьетнам)
80 келі. Бақберген Алиасқаров - Ха Дуй Куонг (Вьетнам) / Сагын Сатыбалды уулу (Қырғызстан)
86 келі. Ибрагим Бетаев - Кати Мохаммад Мобасер (Ауганстан)
92 келі. Азатбек Жолдасхан - Абдула Муджахид (IBA)
92 келі. Ерсултан Сапар - Доан Нгок Минх Хеу (Вьетнам).