Жастар арасындағы әлем чемпионатында бір боксшымыз жарыстан шығып қалды

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Ереванда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық үш боксшы шаршы алаңға шықты. Оның екеуі келесі кезеңде, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.

49 келіде  Әділет Құрметов түркиялық  Мухаммет Унлудан 16:11 есебімен басым түсті, 56 келіде Әділбек Әділжан франциялық Элиас Фрианы 15:13 есебімен ұтты. Ал 64 келіде Абылайхан Әлиханов Украина елінің өкілі Хазар Алиевтен 10:12 есебімен жеңіліс тапты.

Сондай-ақ бұл жарысқа Моңғолияда тұратын екі қазақ боксшысы қатысып жатыр. Олар: Ерған Қуатұлы мен Бекнұр Қалиұлы.

Аймақ боксының еңсе тіктеген кезі жалғасуда дейміз. Арменияның Ереван қаласында бокстан жастар арасында Әлем чемпионаты қарашаның 25 күнінен желтоқсанның 8 күні аралығында өтеді.