Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты: бүгін 1/8 финалдың бәсекелері өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты барысында Қазақстан құрамасының екі өкілі жарыс жолынан шығып қалды.

Бұған дейін 48 келіде беларустық Вадзим Кириленкомен қолғап түйістірген Әнуар Мұзапаров 4:2 есебімен есе жіберсе, дәл сол күні Нұрлан Әбжанов та қарсыласынан ұтылып қалды. Н.Әбжанов алғашқы кездесуінде гренадалық боксшы Андел Доуденді бірінші раунда-ақ 44:2 есебімен ойсырата ұтқан болатын, деп хабарлады Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Сәрсенбі күні кешкісін біздің 60 және 64 келі салмақ дәрежесіндегі екі спортшымыз шаршы алаңға шыққан. Бразилиялық Сильва Костамен қолғап түйістірген Сабыржан Бақбергенов 13:2 есебімен басым түссе, келесі спортшымыз Мейірім Нұрсұлтанов үшін әлем чемпионаты сәтсіз аяқталды. Ол венгриялық Бене Гергоға 1 ұпай айырмашылығымен есе жіберді.

Сәуірдің 29-ында 1/8 финал бәсекелері өтеді:

48 келі - Нұрлан Әбжанов - Виктор Барак (Израиль)

57 келі - Дархан Жұмсақбаев - Элвин Исаев (Әзірбайжан)

60 келі - Сабыржан Бекбергенов - Томас Вахрентхольт (Германия)

69 келі - Жәнібек Әлімханұлы - Хуанг Янхул (Қытай)

75 келі - Әділет Рақышев - Илиас Саввидис (Грекия)

91 келі - Дәулет Мұсабаев - Гасан Гимбатов (Ресей)