ҚР Үкіметі жанындағы «Ұлттық талдау орталығы» АҚ зерттеулері осындай қорытынды шығарып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Экономикалық дағдарыс кезеңінде жастар көбінесе халықтың осал тобына қосылады. Расында, экономикалық өсім құлдырығанда жастар дағдарыстың әсерін алғашқылардың бірі болып сезеді. Сонымен бірге, экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда әсіресе жастардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды», деді Орталықтың басқарма төрайымы Аяна Манасова. Оның айтуынша, соңғы екі жыл ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жалпы жұмыссыздық деңгейінің жартысына жуығын құраған.
«2009 жылғы Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, жалпы еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 6,7 пайызды құраған. Ал бұның ішіндегі жастар арасындағы жұмыссыздық 7,2 пайыз деңгейінде болып отыр», деді А. Манасова.