Жастар ардагерлермен кездесті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 12-сі. Қаз Ақпарат /Руслан ИГІЛІК/ - Қызылорда экономика және құқық колледжінің студент жастары Жеңіс мерекесіне орай соғыс ардагерлерімен кездесті. Өңірімізде 1963 жылдан бері үздіксіз кәсіптік орта білім берумен айналысып келе жатқан оқу орны бәсекеге қабілетті мамандар даярлап шығаруда. Меруерт Әбжанованың басшылығымен колледж ұжымы бірқатар жетістіктерді бағындырған.

Сондай-ақ өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берумен қатар ұлттық, мәдени құнды­лықтарды үйрету жолында аянбай еңбек етуде. Кездесу кешінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қойшыбай Жүсіпбеков пен Жанияз Шалболов және еңбек ардагері Дариға Дәрменбаевалар құрметті қонақ болды. Онда қарт жауынгерлер өздерінің ұрыс даласындағы ерліктері жайлы студент жастарға естеліктер айтып, ыстық ықыластарын жеткізді. Шараны ұйымдастыруға Қазақстан Тұтынушылар одағының Қызылорда филиалының ұжымы мұрындық болды.