Жастар даңқты бабаларымыздың өнегелі өмірін міндетті түрде білуі тиіс - Елбасы

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Жастар даңқты бабаларымыздың өнегелі өмірін міндетті түрде білуі тиіс. Наурыз мерекесіне орай бүгін Астанада өтіп жатқан «Наурыз нұры» мерекелік кешінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ел үшін жан аямаған бабаларымыз бізге таусылмас дәулет, сарқылмас мұра қалдырды. Біз солардың ерлік жолын жас ұрпақтың санасында берік ұялатуымыз қажет. Жастарды қазақтың шыққан тегін, халықтың салт-дәстүрін, даңқты бабалардың өнегелі өмірін міндетті түрде білуге баулуымыз қажет. Бұл міндет менің алдымда да, халықтың алдында да тұр», деді салтанатты кеште Н. Назарбаев.

Елбасы ұрпағымыздың ойы озық, рухы берік болса бұл елді ешкім жеңе алмайтынын атап көрсетті.