«Жастар ? ел болашағы» акциясы Ақтөбелік жастардың басын қосты
15:30, 28 Мамыр 2009
АҚТӨБЕ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония, облыстық денсаулық сақтау және білім басқармалары, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас қанат» жастар қанатының ұйымдастыруымен кеше Ақтөбедегі «Қоныс» спорт сарайында «Жастар – ел болашағы» атты жастардың патриоттық акциясы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Салауатты өмір салтын жасақтау облыстық орталығының директоры Райхан Ыбыраеваның айтуынша, акцияның негізгі мақсаты ? ұлысаралық келісімге, сыбайлас жемқорлықпен күреске, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға жастар назарын тарту.КТК командалары арасында өнер көрсеткен колледж оқушылары салауатты өмір салтының пайдасы туралы айтып, жастарды жаман қылықтарын тастауға шақырды. Арнайы осы шара үшін Ақтөбеге Алматыдан атақты «РИНГО» тобы шақырылды.