Жастар еліміздің деңгейін көтеруге атсалысуы керек - Бибігүл Төлегенова

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- ҚР Халық әртісі, Алматының құрметті азаматы Бибігүл Төлегенова референдумда үйден дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін үлкен мереке - референдум күні. Қазақстанды мен ең тұрақты республика деп санаймын. Жастарымыз жұмыс істеуі керек, күш-жігерін мемлекеттің игілігіне жұмсауы тиіс. Өйткені біздің уақытымыз өтіп жатыр, ал біздің орынымызды басатын - жастар. Қазір біз тек даму үшін ғана емес, басқа мемлекеттермен бәсекеге түсе алатын үлкен республика мәртебесіне жету үшін де жұмыс істеуге тиіспіз. Жастар еліміздің деңгейін көтеруге атсалысуы керек» - деді Бибігүл Төлегенова.

Бұған дейін Алматының 2 548 тұрғыны үйден дауыс беруге өтініш білдіргенін жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Алматыда жалпы халықтық референдумда дауыс беру 574 учаскеде жүріп жатыр.

Мегаполисте 1,1 млн астам адам дауыс беруге құқылы.