Бұл туралы бүгін «Жастардың келісім алаңы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Нұрлан Сыдықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында жұртшылық алдына талқылауға «Қазақстанның ел бірлігі доктринасы» жобасын ұсынды. Осы орайда, біз жастар доктринаның жобасын талқылап, оған өз ұсынымдарын беруі тиіс деп санаймыз», - деді Н.Сыдықов.
Оның айтуынша, мұндай басқосулар Қызылорда, Ақтөбе облыстарында ұйымдастырылған. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақстан жастары конгресі мен этномәдени бірлестіктерінің өзара іс-әрекеттесуін нығайту.