Жастар командалары арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық қыздар өз тобында үздік шықты

None
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше волейболдан Вьетнам еліндегі жастар командалары арасындағы XV Азия чемпионатында қазақстандық қыздар 1-8 орындар үшін өтіп жатқан сайыстағы алғашқы сында Тайпей құрамасына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Хошимин қаласындағы бұл дүбірлі дода қыркүйектің 12-сі күні басталған болатын. Топтық кезеңде Жаңа Зеландия мен Вьетнам құрамаларын ойсырата жеңген қазақстандық волейболшылар 1-8 орындар үшін өтіп жатқан сында тайпейліктерге 0:3 (13:25,22:25,19:25) есебімен жеңіліс тапты. Людмила Перевертова мен Анатолий Дьяченконың тәлімгерлері бүгін Тайланд құрамасымен сайысқа түседі. Олардың бұл жолғы қарсыластары да кеше жарыс қожайындарын 3:0 есебімен ұтқан болатын.