«Қазіргі уақытта «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының іске асыру жөніндегі шаралар жоспарының 2 кезеңі бекітілді. Тұжырымдаманың екінші кезеңінің мақсаты - жастарды табысты әлеуметтендіруге бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді үлгісін қалыптастыру және олардың әлеуетін еліміздің дамуына жұмсау. Тұжырымдаманың екінші кезеңінің жоспары заңнамалық түрде бекітілген мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарымен үйлеседі»,-деді департамент басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, жоспарда 10 негізгі бағыт бойынша 73 іс-шара қарастырылған. Осы ретте қолжетімді әрі сапалы білім беруді қамтамасыз ету, жастарды жұмысқа орналастыру мен еңбекпен қамтуға жағдайлар жасау, жас отбасылар үшін қолжетімді баспана жүйесін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, ғылыми-зерттеу, жастар саясатын институционалды нығайту және басқа да қадамдар қамтылған.
«Жоспардың негізгі басымдығы әдіснамалық қорды жетілдіруге және жастармен жұмыс жасайтын мамандарды дайындау деңгейін арттыруға беріледі. Екіншіден, Дүнижүзілік банктің гранты аясында жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Жобаның мақсаты - жастарды, әсіресе табысы аз, жұмыссыз, мүгедек және осал топтардан шыққан жастарды қоғам өміріне тарту. Жоба швейцариялық траст қоры қаражаты есебінен қаржыландырылады. Грант сомасы 21 млн. 763 мың АҚШ долларын құрап отыр. Бұл өтеусіз грант»,-деді Р. Кәрібжанова.
Белгілі болғандай, қаржыландыру кезең-кезеңмен жүргізіледі. 2016 жылға 3 млн. доллар бөлінген екен.
Оның сөзіне қарағанда, жастар корпусын дамыту жобасының бірінші бағытын жүзеге асырудың нәтижесінде 1700-ден астам кіші жобаларын жүзеше асыру көзделеді. Бұған 8,5 мың жас азаматтар тартылады. Сонымен қатар, 100-ге жуық жастар ұйымы осы жұмысқа қатысады.
18:49, 18 Сәуір 2016
Жастар корпусын дамыту жобасына қомақты қаржы тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңесітің «Жастарды қолдау» сараптамалық отырысында ҚР БҒМ Жастар саясаты департаментінің директоры Роза Кәрібжанова мәлім етті.