«Яғни, еліміздегі басқа аймақтар осындай өзекті дүниеден тыс қалайын деп отыр. Мен жақында Атырау облысында болып келдім. Өңірдегі тұрғындардың 30 пайызы 14 пен 29 жас арасындағы жастар. Ал гранттың негізгі бағыты әлеуметтік аз қамтылған әлсіз топтарды, жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту. Сондықтан да, бұл еліміздің батыс өңірі үшін де өзекті болар еді», - деді Сәрсенбай Еңсегенов.
Оның айтуынша, Атырау облысындағы діни ахуалға байланысты ондай жобалардың өзектілігі арта түседі. «Ақпаратқа сәйкес, мешітке барып жүрген жамағаттың 95 пайызы жастар. Олардың ішінде дәстүрлі дінімізден ауытқып жүрген жастарымыз бар екені де белгілі. Мұндай жағдай Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында да орын алған. Сондықтан да, жобаның екінші кезеңі жоспарланатын болса, оны осы өңірлерге де таратуды ескерсек деп ойлаймын. Тіпті, республиканың барлық аймақтарын қамтысақ игі еді», - деді С. Еңсегенов.