Алқалы жиынға қатысқан Қазақстан жастарының конгресі, Ауыл жастарының одағы, Қазақстан студенттерінің альянсы, Ұлттық дельфийлік комитет, Студенттік құрылыс жасақтары және тағы басқа ұйымдардың көшбасшылары алдағы сайлауда президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындарын жеткізді.
Іс-шара барысында мәлім болғандай, 10 мың адам қатысқан әлеуметтік сауалнамада жастардың 87 пайызы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын толығымен қолдайтындықтарын білдірді.