Шараға 900-ге жуық адам қатысты.
Форумда жастардың бос уақытын қызықты өткізуге септігін тигізетін портал және ұялы қосымша (kino.kz сайты негізінде) таныстырылды. Онда ақылы және тегін іс-шаралардың өтетін уақыты мен орны көрсетіледі.
Форумда Тәуелсіз Қазақстанның құрдастары жайлы кітап жұртшылықтың назарына ұсынылды. Онда үлкен табысқа қол жеткізіп, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген 25 жастағы азаматтар туралы жазылған. Альбом парақтарында ең үздік тәуелсіздік құрдастарының 50 портреті және олардың қол жеткізген жетістіктері жайлы ақпарат бар. Кітап-альбомды жастар облыс әкімі Болат Бақауовқа сыйлады.
Форумда ең талантты жастарға облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бөгентаев сыйлықтар мен марапаттар табыс етті.