Осыған орай бүгін елордада баспасөз мәслихаты өтіп, онда сөз алған «Жас Отан» ЖҚ-ның Атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев: «Жас Отан» жастар қанатының форумында және «Мой Мир», «В контакте», Facebook сынды бірнеше әлеуметтік желіде «Біз қолдаймыз!» деген тақырыппен референдумды жақтап дауыс бере алатын азаматтарға мүмкіндік жасап отырмыз», - деді.
Ал Қазақстан жастар конгресі атқарушы директорының міндетін атқарушы Шахмардан Баймановтың атап өтуінше, аталған сайттарды пайдаланушылар референдум өткізуді қолдау үшін өз пікірлерін қалдырып, ойларымын бөлісуге мүмкіндігі бар.
«Біз дәл осындай тәсіл жастарымыздың пікірін, көзқарасын білудің тиімді жолы деп есептейміз. Ол ресми кездесулер, дөңгелек үстел сынды шараларға қарағанда жастардың еркін әрі ашық өз пікірлерін қалдыруға мүмкіндік береді», - деді ол.