Жастар саясаты аясында ұйымдастыру іс-шараларының саны 10 есе қысқарады - Абаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жастар саясаты аясында ұйымдастыру іс-шараларының саны 10 есе қысқарады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар жылының іске асырылу барысын талдау қорытындысы бойынша біз мемлекеттік жастар саясатын одан әрі жетілдіруге бағытталған мынадай шараларды әзірледік. Біріншіден, біз 2021 жылғы жоспарлы бюджетке түзетулер енгізуге бастамашылық етеміз. Осыған сәйкес шығыстардың кемінде жартысы жастарға арналған қолжетімді жалға берілетін тұрғын үй салуға және оны еңбекпен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталатын болады», - деді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, екіншіден Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастар саясаты аясында ұйымдастыру іс-шараларының саны, сондай-ақ, баспа өнімдерін шығару 10 есеге қысқартылмақ.

«Үшіншіден, жастар саясатының арнайы шараларымен қамту көрсеткіші жастардың жалпы санының төрттен біріне дейін жеткізіледі. Төртіншіден, Жастар саясаты шараларымен қамтылған әрбір жасқа арналған жиынтық шығыстар 500 мың теңгеге дейін жеткізіледі. Бесіншіден ұқсас халықаралық рейтинг негізінде Жастардың даму индексі әзірленетін және енгізілетін болады. Біз жастар саясатының қандай бағыттары одан әрі жетілдіруді қажет ететінін білетін боламыз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар