деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазірге дейін жастар тарапынан 15 сұрақ түсіп, жауап берілді. Ең алғашқы сауал мемлекеттік тілдің мәселесі болды. Сондай-ақ қоғамдық көліктегі студенттерге арналған жеңілдік, Жастар саясаты туралы заң, қаладағы жастар ұйымдарының жұмысы, жастардың жұмысқа орналасуы туралы сұрақтар бар. Конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты жастардың көңілінде жүрген сауалдарға жауап беру. www.almaty.kz сайтында өтіп жатқан конференцияға кез-келген адам қатысып сауал қоя алады. Сұрақтар тек Алматы қаласы мен ондағы жастар мәселесіне қатысты болуы тиіс.