деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, мемлекет жастарға көрсетілетін қолдауды барынша арттырғаны дұрыс. Бұл ретте жастарға тек қаржы бөліп қана қойған жеткіліксіз. Мемлекет оларға ұйымдастырушылық жағынан да, әкімшілік шаралармен де қолдау көрсеткені дұрыс. «Бүгінде жастардың үкіметтік емес ұйымдарының базасында арнайы қызмет түрлері ресурстық орталықтар құрылған. 17 ресурстық орталықтың жұмысын жолға қою үшін республикалық бюджеттен биыл 90 миллион теңге бөлінді», деді министр.