Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында өткен кездесуде жастардың электоралдық мәдениетін арттыру, электрондық дауыс беруді енгізу, алдағы электоралдық үрдістерге жастардың қызығушылығын қамтамасыз ету сияқты бірқатар ұсыныс жасалды. Студенттер ауыл әкімдерін сайлауда барлық кандидаттардың қатысуымен пікірсайыс өткізіп, ОСК-ның шағымдар мен ұсыныстарды қарау рәсімдері туралы хабарлау қажеттігін атап өтті.
«Бүгін болашақ жастардың қолында деп сеніммен айтуға болады. «Жаңа Қазақстанды» құратын сіздер. Әрине, сайлау арқылы көптеген мәселелер шешіледі, еліміздің тағдыры сіздерге байланысты болады. Бұл Президент сайлауы, Парламент және әр деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы, сондай-ақ әкімдер сайлауы. Яғни, жастар саяси үрдіске тартылып, оның болашағы Қазақстанда өтіп жатқан ашық және адал сайлау арқылы жүзеге асуы тиіс екенін нақты түсінуі тиіс», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Кездесуді қорытындылай келе, ҚР ОСК төрағасы жастарды сайлау үрдісінің белсенді қатысушылары болуға, бұл ретте сайлаушы ретінде ғана емес, волонтерлік қызметке де қатысуға және сайлауды байқауға қатысуға шақырды.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР ОСК төрағасы сайлау үрдісі мәселелері бойынша өңір жұртшылығымен кездесу өткізген болатын.