Жастар спорт ойындарына Қарағанды облысынан 700 спортшы қатысады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – V Жастар спорт ойындарында Қарағанды облысының намысын жеті жүзге жуық спортшы қорғайды. Әр төрт жыл сайын өтетін жарысқа еліміздің барлық өңірінің өкілдері қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыс 36 жазғы Олимпиада түрлерінен өтеді.

Шымкентте садақ ату, оқ ату және стенд ату, гандбол, бадминтон, көркем гимнастика бойынша біріншіліктер өтеді.

Дәл осы қалада 10 наурызда Жастар ойындарының салтанатты ашылуы өтті.

Жарыстың басқа түрлері Алматы, Нұр-Сұлтан және облыс орталықтарында өтеді.

Ойынның жабылуы 1 тамызда Теміртауда немесе Қарағандыда ұйымдастырылмақ.

Ол академиялық есу ойындарымен аяқталады.

Сонымен қатар, біздің өңірде ойын аясында үстел теннисінен біріншілік өткізу жоспарланып отыр.