Алматы мәслихатының депутаты Артур Котенев Мемлекет басшысы өзінің барлық үндеулерінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және оны қалыптастыруға баса назар аударатынын тілге тиек етті.
«Біздің ата-аналарымыз өткен күнді ұмытпай келеді. Бірақ, жаңа технологияларға әуестенген бүгінгі жастар, мемлекетіміздің болашағын қалыптастыруға үлес қосқан ұлы бабаларымызды ұмытып кетіп жатады. Елбасы өз мақаласында атап өткендей, соңғы он жыл ішіндегі тарихи жаңалықтар ата-бабаларымыз өз дәуіріндегі заманауи технологиялық жаңартулармен үздіксіз байланыста болғанын дәлелдеп отыр. Бұл жаһандық тарихтағы Ұлы даланың орнына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол көптеген түрлі ұлыс өкілдері ортақ тарихымызға үлес қосқанын еске салып отыр», - деді Артур Котенев.
Мәслихат депутаты Президенттің өскелең ұрпақ тарихтағы қайғылы және драмалық сәттерді болашақта қайталамас үшін, оларды ұмытпау керектігі туралы айтқан сөзіне назар аударды.
«Халқымыздың жеткен жетістіктеріне қарап, алға қарай жылжимыз. Жастар өз мемлекетінің тарихын білмей, болашағын қалыптастыра алмайды. Жас ұрпақ тарихта өз ізін қалдырған тұлғаларды білуі тиіс. Мемлекет басшысы атап өткен барлық жобаларға қатысып, мақаладағы мәселелерді шешуге үлестерін қосуы қажет. Қазақстан Президенті жұмысымызға бағыт беруі тиіс басымдықтарды кезекті рет анықтап берді. Бұл, Ұлы даланың тарихы, біздің тарихи және мәдени құндылықтарымызды тек қазақстандықтар ғана емес, бүкіл әлем білсін деген мақсатта жасалуда», - деп түйіндеді депутат.