Қазір 25.el.kz порталына кіріп, өз суретін ауыстырған адамдардың саны 32 296-ға жетті. Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, олар жиырма күн бұрын www.25.el.kz платформасын жасап шығарған. Ұйымдастырушылар 18 ақпан, сағат 10.25.25-ке дейін кем дегенде 20 мың адам осы платформаның көмегімен суреттерін ауыстырса деп жоспарлаған екен. Әлеуметтік желінің белсенділері бұл акцияны іліп әкетсе керек, қазір суретін тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай әдемілегендер саны 34 296 адамға жеткен.
Орталық коммуникациялар қызметінің акциясына бүгін 300 студент, сондай-ақ, Маржан Арапбаева, Ерлан Көкеев сияқты әншілер қатысып, жастарға қолдау білдірді.