Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жастар керуені жолда екі апта болады. Шалғай жатқан ауылдарға да ат басын тіремек. Белсенділердің негізгі аудиториясы - ауыл жастары. Олармен әр түрлі форматта, мәселен пікірсайыс, дәріс және сұхбат түрінде кездесу жоспарланып отыр. Іс-шараларды әсерлі өткізу үшін концерттік бағдарламалар да ұсынылады.