Жастар жылын популизмсіз өткізу маңызды- Дулат Қасымов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Жас Отан» жастар қанатының Алматы филиалының басшысы Дулат Қасымов ҚазАқпаратқа Жастар жылы туралы айтып берді.

«Жастар жылында Алматының Жас Отан жастар қанатында 5 жаңа жоба дайындалып отыр. Олар - жастардың шығармашылық әлеуетін, салауатты өмір салтын, жас кәсіпкерлердің бастамасын қолдайтын «Jas beles», «Jastarmen jusdesu», «Stop drung», «Business mentor», «Smart office» атты жобалар. Қазіргі танда олардың тұжырымдамалары жүзеге асырылуда», - деді Дулат Қасымов.

Сондай-ақ, ол аталған жылды популизмсіз өткізу маңыздылығына тоқталды.

«Биылғы жыл көп нәрсені шешетін жыл. Бізге сөзден іске көшіп, еліміздің қалыптасқан ритміне сай қажетті өзгерістер енгізуге мүмкіндіктер берілді. Бұл жерде жастар жылын популизмсіз, стигматизациясыз өткізу маңызды», - деді «Жас Отан» басшысы.

Еламан Тұрысбек