«15 қыркүйек күні Қазақстандағы жастар ұйымдарының өкілдері Ұлттық патриоттық актіге қол қойды. Жас көшбасшылар елімізді жаңғырту бойынша күн тәртібін орындау үшін ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты. Президент Жолдауы аясында Жастар жылына арналған Жастар ұйымдарының бірыңғай шаралары жоспарын жасаймыз», - деді «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев.
Данияр Сүндетбаев жас көшбасшылардың Бірыңғай жоспарды әзірлеу туралы шешімін қуаттап, онда жаңа реформаларды қолдаудың мақсаттары мен міндеттері көрсетілетінін атап өтті.
Сондай-ақ аталған жоспар жастарды жаңа стратегиялық құжатты белсенді талқылауға және іске асыруға үндейді.