Жастарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жастарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМ сілтеме жасап.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына және Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, жыл сайын қаңтар-наурыз айларында азаматтарды әскери шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізеді», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.


Фото: gov.kz