Жастарды әскери есепке қою басталды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордада 17 жастан асқан жасөспірімдерді шақыру учаскелерінде бастапқы әскери есепке қою басталды.

Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы әкімі аппаратының Өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен хабарлады.

«Астанада 14 қаңтардан бастап наурыз айына дейін Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бұған дейін есепке алынбаған 1997 жылы туған және 17 жастан асқан азаматтарды учаскелерде әскери есепке қоюды бастады», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, әскерге шақырылатын азаматтардың әскери қызметке дайындық деңгейін анықтауға, білім деңгейін, мамандығын және дене даярлығының деңгейін белгілеуге арналған комиссия өткізіледі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 4 793 адам, соның ішінде Алматы және Есіл аудандарында 2 754, Сарыарқа ауданында 2039 азамат әскери есепке қойылуы тиіс.