Зерттеу барасында компания әлем бойынша 10 мың адам, сондай-ақ HR-департаменттердің 500 қызметкері арасында сауалнама жүргізді.
Белгілі болғандай, жастар жұмыс беруші тараптың олардың әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалардағы парақшаларды зерттеуіне еш қарсы емес көрінеді. Атап айтқанда, әріптестері алдында өздерінің мәліметтерін жайып салуға жастардың 36 пайызы әзір екен.
PwC болжамынша, алдағы он жылда жұмыс берушілердің әлеуметтік желілерді бақылау тәжірибесі айтарлықтай жиілей түспек.
2020 жылға қарай жаһандық жұмыс күшінің жартысын 18-32 жас аралығындағы адамдар қамтымақ. Мамандардың пайымынша, осы жастағы адамдардың технология және жеке ақпаратқа деген қарым-қатынасы жаңаша қалыптасқан.