Жастардың арасында жаңа ойын түрі пайда болды

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-тың әлеуметтік хал-ахуалы нашар аудандарында тұратын жасөспірімдер арасында «Нокаут» атты жаңа ойын түрі пайда болды. Айта кететіні, бұл ойындарын жастар ерсі санамайды. Керісінше ол жастар арасында кеңінен тарап, қоғамдық қауіп тудырып отыр.

Америкалық қара нәсілді жеткіншектердің ойлап тапқан жаңа ермегінің шарты бойынша жастар өтіп бара жатқан адамды бір ұрып құлатуы тиіс. Тек зардап шеккен адам міндетті түрде ақ нәсілді болуы керек. Бұл - «Нокауттың» басты шарты. Жасөспірімдер «Нокауттың» жай ғана күш сынасу екенін айтып, мұны қалыпты жағдай ретіне қабылдайтын түр танытады. Жастардың бұл ісі еріккеннің ермегі ме әлде басқа ма?! Өз күшін есептемеген әпербақан жастардың әрекетінен Сиракуз, Сент-Луис және Нью-Джерси қалаларында адам өлімдері де тіркелген, деп хабарлады 24.kz.