Жастардың әскери міндеттерін өтеуге құлшынысы зор - подполковник

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы қорғаныс істері департанменті жүзден астам әскер қатарына шақырылғандарды «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарына, сондай-ақ, Ақтау қаласындағы 25744 және Гвардейский ауылындағы 75263 әскери бөлімшелеріне жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастардың әскери міндеттерін өтеуге деген құлышыныстары қуантады. Қарулы күштер қатарында өткізетін өмір мектебі олардың болашақта алға қойған мақсаттарына жетуіне көмектеседі. Олар өз елінің нағыз патриоттары ретінде әскери білімдерін кеңейтіп, өз Отандарының нағыз қорғаушысына айналады», - деді Павлодар облысы қорғаныс істері департаментінің шақырту бөлімінің басшысы подполковник Александр Ильинов.

Шақырылғандар ішінде ҚР БМ-інің үш айлық әскери-техникалық мектебін бітіріп, әскери мамандық алғандары да бар.

«Мен үшін қазақстандық армияның құрылғанына 25 жыл толуы қарсаңында мерзімді әскери қызметке шақырту алу үлкен мақтаныш. Мен бала кезімнен теңіз жаяу әскерінде қызмет етуді армандадым, бүгін сол арманыма жеттім де», - дейді әскер қатарына алынған Төлеу Мақсат.

Болашақ Отан қорғаушыларға қазақстандық армияның күнделікті өмірі мен оның мемлекет қауіпсіздігі мен қорғаныстық қабілеті жайлы фильм көрсетілді.