Жастардың осал топтарын қолдауға 7 млрд теңге жұмсалады
«Өткен жылы біз Дүниежүзілік банкпен тығыз жұмыс жасап, жастар корпусын дамыту туралы бірлескен келісімге келдік. Жоба аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жұмыссыз жүрген, мүгедектікке шалдыққан және тағы басқа жастардың әлеуметтік осал топтарын қоғам өміріне жан-жақты бейімдеу шаралары қарастырылған. Қаржыландырудың көлемі 21 млн. долларды (қазіргі курспен 6,9 млрд. теңге) құрайды. Аталған жобаны іске асыруға шамамен 8,5 мың адам мен 100-ге жуық жастар ұйымы атсалысады. Бұл - өте ауқымды бастама», - дейді Сағадиев.
Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде келісім толығымен рәсімделді. Жобаны басқару бойынша арнайы топ құрылып, ұлттық үйлестіруші бекітілді. «Осы айдан бастап біз аймақтарда тиісті жұмысты бастайтын боламыз», - дейді министр.