«Бұл лауазымға кіріскеніме небәрі 2 ай ғана болды. Мен әр уақытта, күн сайын біреулерді жұмысқа алуды сұрайды. Түйіндемелер сыйлауға тырысады. Бастапқыда түсіндіруге тырысатын едім, қазір қойдым. Ондаған кандидаттар ұсынады. Біздің кейбір жастарымызда «көкелері» мен «тәтелері» сәнге айналған. Олар үшін бұл қалыпты жағдай. Солай болуы қажет сияқты. «Мұнан өзгеше қалай болуы мүмкін?», деп таң қалады. Бірақ, менің жеке пікірім, бұл ретте негізінен олар кінәлі емес. Біз, прокуратура басшылығы кінәліміз»,- деді ол.
Осы ретте Бас прокурор прокуратура органдарына кадр іріктеу жүйесінің әділетті құрылмағандығын айтып, сол себепті жастардың жұмысқа орналасудың түрлі жолдарын іздейтіндігін ескертіп өтті.
«Тағайындалғаннан кейін 2-3 күннен соң, сәуірдің соңында мен не істерімді білмегендіктен жұмысқа қабылдауға мораторий жарияладым. Ол бүгінгі күнгі күнге дейін қолданыста. 180-нен астам бос орын жиналып қалды. Маған анда, мында адамдар жетіспейтіндігін, жұмыстың тоқтап қалғандығын айтуда. Алайда, мен мораторийді алып тастай алмаймын. Неге? Өйткені, жұмысқа қабылдау барынша ашық әрі объективті түрде болуы тиіс», - деді Ж.Асанов.