«Жастарымыз біздің буын көрген қиындықтарды ешқашан сезінбесін, сұрапыл соғысты еш уақытта білмесін дегім келеді. Бүгінгі бейбіт күннің қадірін білейік», - деді ол.
Сонымен қатар қарт майдангер барлық соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, олардың отбасына молшылық, дендеріне саулық тілейтіндігін атап өтті. Бүгінгі әскери шеруге де көңілі толып, еліміздің Армиясының күш-қуатына бір марқайып қалғанын айтты.
«Қазіргі уақытта елімізде соғысқа қатысқан, тылда еңбек еткен барлық адамдарға мемлекет тарабынан зор қамқорлық жасалып келеді. Мұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс саясат жүргізіп отырғандығының жемісі», - деді Қ.Бейсенбаев.