Олардың айтуынша, ескі жастыққа тер сіңіп, денеңізден түлеген өлі тері қаптап кетеді екен.
Солтүстік Королиналық Доктор Роберт Оэксман - адамның дұрыс ұйықтауы мен ұйқы гигиенасын зерттеуші ғалым. Оның пікірінше, тер сіңген кір жастыққа бетін төсеп жату - адамның ұйқысының бұзылуына әкеп соғып, ол ұйқысырауды әдетке айналдыруы мүмкін.
Әуелі соның кесірінен адам астмаға шалдығу қаупі бар екен.
Сондай-ақ, ғалымдар жаңа жастық алғанда оның көлеміне мән беруді ескертеді. Жастық қырындап жатқанда адамның басын омыртқа деңгейімен ұстап тұратындай болуы керек.
Ал, етпетімен немесе шалқалап ұйықтайтын адамдардың жастығы жұқа болғаны жөн.