Бұл мәртебелі атақ оларға ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау кезінде берілді. Сонымен қатар ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни мен жаттықтырушы-кеңесші Энвер Туркелери дене шынықтыру ісіне қосқан үлестері үшін марапатталды. Бұған дейін хабарланғандай, әлем біріншілігінің жеңімпаздары - 15 мың доллар, күміс медаль иегерлері - 7 мың доллар көлеміндегі ақшалай сертификаттарға ие болды. Сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жаттықтырушылары да ақшалай сыйақылар алды.
17:58, 25 Қараша 2014
Жасұлан Қыдырбаев пен Жазира Жаппарқұл ҚР Еңбек сіңірген спорт шеберлері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының алтын медалінің иегері Жасұлан Қыдырбаев пен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атақтарын алды.