Жасұлан Бірлікұлы Сәрсебаев мемлекеттік қызметте еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы саяси партиялар мен діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманынан бастап, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, жастар саясаты мәселелері, туризм және сыртқы байланыстар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, ішкі саясат басқармаларының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.
Абай облысы құрылғаннан бастап Абай облысы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісуімен 2024 жылдың 3 шілдесінен Абай облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.