Жасұлан Сәрсембай Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды
16:54, 25 Тамыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұдан бұрынғы Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметін атқарған Батырбек Байбосынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Батырбек Байбосынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Айта кетсек, бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды .