АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 8 наурыз мерекесінің қарсаңында ҚР Қарулы күштерінің әскерилері бүкіл елдің әйелдерін құттықтап жатыр. Аға буыннан Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері де қалысқан жоқ, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Болашақ әскери қызметкерлер атақты әлемдік би трендін қолдап, «шаффл» стилінде би биледі. Би соңында 200-ге жуық бозбала сегіз санын салып сап түзеді.
Жас ұландықтар 8 наурызға арналған би құттықтауын әскери мектебіндегі барлық тәрбиеленушілердің аналарына арнады.