Жасы 102-ге келген қария намазын қаза қылған емес

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - «Ас-Салам» газетінің өкілдері таяуда Дағыстан республикасының ең қарт тұрғыны Салахуддин қажыға барып жолықты.

Жасы 102-ге келген ақсақал Чародин ауданының Мурух ауылында тұрады.

Едәуір жасқа келсе де, қария күніне бес уақыт намазын қаза қылмайды. Бірнеше рет қажылыққа барып келгенін айта кету керек.

Ол өмір бойы темірден түйін түйген ұста болып, еңбек етті, деп хабарлайды muslim.kz.