Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 12 желтоқсанда өңірде коронавирус инфекциясына шалдығудың бірде-бір жағдайы анықталған жоқ.
«Қазір үй жағдайында 88 адам, инфекциялық стационарларда 88 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 59, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 20, Теңіз кен орнындағы 9 пациент оқашуланған. Өткен тәулікте коронавирустық инфекциядан 88 адам емделіп шықты», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында 16 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.