Ерте көктемнен бұл жұмыстарға аудандардағы жұмыссыз жастар тартылса, каникул кездерінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қолғабыс етеді.
Облыстық «Жасыл ел» штабының жетекшісі Есенжол Назаровтың айтуынша, биыл 750 адамды тарту межеленіп отырған көрінеді. Олардың орташа еңбекақысы 20 мың теңгені құрайды. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 9 млн-нан астам, ал жергілікті бюджеттен 7 млн. 750 мың теңге қаржы қаралған.